
Жәбірейіл періштенің Мәриямға келуі
Лұқа жазған Ізгі хабар 1:26-38
Ғалилея елінде Назарет деген кішкентай қала бар еді. Сол жерде Мәриям есімді жас қыз өмір сүрді. Ол ағаш ұстасы Жүсіпке айттырылып қойған болатын. Мәриям мен Жүсіп қарапайым адамдар болғанымен, олар Дәуіттің ұрпағынан шыққан еді. Жақын арада олар үйленбек болды. Бір күні Мәриям үй шаруашылығымен айналысып жатқанда оның алдында Жәбірейіл періште пайда болды. Оны Құдай жіберген еді. Періште:
– Қуан, жарылқанған қыз! Жаратқан Ие саған жар болсын! – деді.
Мәриям:
– Менімен бұлай ешкім сәлемдеспеген еді, – деп таңғалды.
– Қорықпа, Мәриям, саған Құдай рақымын түсірді. Сен құрсақ көтеріп, Ұл туасың, Оның атын Иса деп қоясың. Ол өте мәртебелі болып, Құдай Тағаланың Ұлы деп аталады. Құдай Оған Дәуіттің Патшалығын береді әрі Оның Патшалығының шегі болмайды, – деді Жәбірейіл періште.
Мәриям періштенің сөздерін әрең түсінді.
– Мен әлі күйеуге шыққан жоқпын ғой... – деді ол абыржып.
– Әрбір адам баласының әкесі бар, – деді періште, – бірақ сен дүниеге әкелетін Киелі Бала «Құдайдың Ұлы» деп аталады. Ол ерекше болады. Сондықтан Ол Құдайдың Баласы болады.
Мәриям періштенің сөздерін түсінуге тырысты. Бірақ ол Құдайдың уәдесі орындалып жатқанын сезді. Ал Мәриям, сол уәде етілген Құтқарушының анасы болады. Бірақ бұның бәрі қалай болатынын ол түсінбеді, себебі оның әлі күйеуі жоқ еді. Сондықтан ол періштеден:
– Бұл қалай болады? – деп сұрады.
Сонда Жәбірейіл былай деп жауап қатты:
– Саған Киелі Рух қонып Құдай Тағала сая түсіргендей, Өзінің құдіретін дарытады. Жаратқан Иенің күші Нәрестеге өмір береді.
Сондықтан да сен табатын Киелі Бала «Құдайдың Ұлы» деп аталмақ!
Сонда Мәриям Құдайға мойынсұнатынын білдіріп:
– Мен Жаратқан Иенің күңімін, айтқаныңыз болсын! – деді. Содан соң періште көкке көтеріліп кетті.
Талқылауға арналған сұрақтар
4 сұрақЖәбірейіл періште кімге келді? Мәриям қай жерде өмір сүрді?
Ол кімге айттырылып қойылған еді? Олар кімнің ұрпағы болды?
Періште Мәриямға нені хабарлады?
Періштеден естіген хабарға Мәриям қалай жауап берді?