
Исаның қайта тірілуі
Матай жазған Ізгі хабар 28:1-8
Таң атып келе жатты. Сол кезде мұңайған үш әйел – екі Мәриям мен Салома – Иерусалимнің тар көшелерімен келе жатты. Олардың жүздері неге мұңды? Сұмдық оқиға орын алды: олардың Иелері Иса қайтыс болды! Енді олар Исаның сөздерін тыңдай да, Оған қызмет ете де алмайды. Олар Ұстаздарына соңғы рет құрмет көрсеткісі келді. Сол үшін Оның денесіне хош иісті май жақпақ болды. Жол бойында әйелдер өте қатты қобалжыды: олар қабірдің ауызындағы үлкен тасты қалай жылжытпақ? Ақыры олар Исаның қабірі тұрған баққа жетті. Бірақ бұл не? Тас жылжып кеткен, ал үңгірдің беті ашық! Әйелдер жақындап келді. Айналада ешкім болмады. Олар абайлап үңгірге қарап, ішке кірді. Олар Исаның жатқан жерінің бос екенін көрді! Не болды? Біреу Исаның денесін алып кетті ме? Олар Исаның тіріліп кеткенін әлі білмейтін еді. Иса өлімнен қайта тіріліп кеткендіктен де Оның денесі қабірде болмады. Сол таңертең керемет оқиға болды – Мәсіх өлімнен қайта тірілді!
Сол сәтте аспаннан періште түсті. Ол қабірдің ауызындағы үлкен тасты жылжытып, адамдар Исаның қайта тірілгенін көрсін деді. Үңгірді күзетіп тұрған жасақшылар қорыққандарынан қашып кетті.
Бірақ әйелдер мұны білмеді. Олардың бар көргені – бос тұрған қабір ғана. Мұны көрген Мағдалалық Мәриям қатты жылады. Сосын Петір мен Жоханға айту үшін қалаға жүгіріп кетті. Кенеттен олар киімі жарқыраған періштені көрді. Періште:
– Иса тірі! Қорықпаңдар! Тез қалаға барып, шәкірттеріне осыны айтыңдар! – деді.
Талқылауға арналған сұрақтар
4 сұрақАптаның бірінші күні қандай ұлы керемет іс болды?
Сол күні таңертең әйелдер не мақсатпен және қайда барды?
Қабірді күзетіп тұрған жасақшылар періштені көргенде не істеді?
Періште әйелдерге не айтты?