
Исаның тұтқындалуы
Лұқа жазған Ізгі хабар 22:47-54
Бақтың қасына бір топ адам келді. Адамдар жолды жарық ету үшін қолдарына алау ұстаған еді. Олар бір қарақшыны ұстауға шыққандай, қолдарында сойыл мен семсер болды. Олардың көбі бас діни қызметкерлер мен парызшылдардың қызметшілері еді. Ал топты Исаның шәкірті Яһуда бастап келді.
– Кімді іздеп жүрсіңдер? – деп сұрады Иса.
Олар:
– Назареттік Исаны, – деді.
Сонда Иса:
– Ол Менмін, – деп жауап қатты.
Яһуда олармен алдын ала келісім жасап: «Кімді ұстайтыныңды білулерің үшін, мен Ұстазды сүйіп амандасам, соны ұстаңдар. Сол белгі арқылы сендер кімді тұтқынға алу керектігін білесіңдер», – деп айтып қойған болатын.
Яһуда Исаға жақындап келгенде, Иса оған:
– Досым, Менің бетімнен сүйіп тұрып, Маған опасыздық жасайсың ба? – деді.
Бұл сөздер Яһуданың жүрегіне қатты тиді, бірақ Ол бәрібір Оның бетінен сүйді. Сол сәтте дінбасылардың құлдары Исаны тұтқынға алды.
– Мені тұтқындауға қарақшыға қарсы аттанғандай семсер мен сойыл алып шыққандарыңыз қалай? Күн сайын сіздермен бірге ғибадатханада болғанымда, Маған қарсы қол көтерген жоқсыздар. Ал қазір күндеріңіз туып, қара түнектің күші сіздерге билігін жүргізіп тұр, – деді де, Өзін тұтқындауға еш қарсылық көрсетпеді.
Шәкірттері Ұстаздарын алып бара жатқанын көріп, қорыққандарынан қашып кетті.
Иса жауларымен бірге Өзін өлім жазасы күтіп тұрған Иерусалимге кетті.
Талқылауға арналған сұрақтар
3 сұрақГетсимани бағына Иса мен Оның шәкірттерінен басқа тағы кім келді?
Яһуда Исаға жақындап келіп не істеді?
Неліктен Иса тұтқындалып жатқанда еш қарсылық көрсетпеді?