
Исаның Гетсимани бағындағы мінәжаты
Лұқа жазған Ізгі хабар 22:39-46
Иса он бір шәкіртімен бірге Иерусалимге жақын жерде ағып жатқан Кидронның арғы жағына барды. Он екі шәкірттің бірі Яһуда олармен бірге болған жоқ. Түннің ортасында олар Зәйтүн тауына барды. Бұл жерде Иса Өзінің көктегі Әкесіне жиі сиынатын.
Таудың етегінде зәйтүн ағаш өсетін Гетсимани деп аталатын бақ болды. Баққа кірерде Иса шәкірттеріне қарап:
– Сендер осында отыра тұрыңдар, ал Мен барып сиынып келемін, – деді де, Петір, Жақып және Жоханға Өзімен бірге жүруін айтты.
Сол сәтте Исаға өте қиын болды, Ол қайғырып жалғызсырады. Иса Өзін қандай азап күтіп тұрғанын білді. Ол адамдардың күнәларын Өз мойнына алып, ауыр азапқа және айқыштағы өлімге бара жатыр еді. Тек Оның денесі ғана емес, алдымен Ол рухы адам төзгісіз азаптарға шыдау керек болды. Ол күнәсіз бола тұра барлық адамзаттың күнәсін Өз мойнына алып, жазалануға тиіс.
Қайғы мен мұңға батқан Ол Өзінің сүйікті шәкірттеріне:
– Менің жаным өлердей қайғырып тұр, осында қалып, Менімен бірге ұйықтамай, сергек болыңдар. Менімен бірге мінәжат етіңдер! – деп тапсырды
Кез келген адам секілді Иса да өз достарының қолдауына мұқтаж болып, оларды бірге сиынуға шақырды. Өзі олардан тас лақтырымдай жерге барып, тізерлеп отырды да, мінәжат етіп былай деді: «Әке! Егер Сен қаласаң, осы қаһарлы «тостағанды» Маған жолатпай алып кете гөр! Бірақ, Менің емес, Сенің еркің болсын».
Кез келген адам сияқты Иса Өзіне төніп келе жатқан азаптың басына түскенін қаламады, бірақ Өз Әкесінің еркін орындайтын Ұл ретінде, Ол Құдай нені қаласа солай болсын деді!
Рухани күресіп, қатты қиналған Иса одан бетер сиынып мінажат етті. Оның тері қан тамшыларына ұқсап жерге тамып жатты. Сонда көктен бір періште көрініп, Оған күш берді.
Иса сиынып болған соң, орнынан тұрды. Шәкірттерінің қасына қайтып келіп, олардың қайғыдан шаршап, ұйықтап қалғандарын көрді. Оларды оятып, Петірге:
– Шимон! Сен әлі ұйықтап жатырсың ба? Менімен бірге бір сағат сиына алмағаның ба? – деді.
Иса шәкірттерін тағы екі рет Өзімен бірге сиынуға шақырды, екеуінде де олардың ұйықтап жатқандарын көрді. Үшінші рет келіп Ол:
– Сендер әлі ұйықтап жатырсыңдар ма? Менің уақытым жетті: Адам Ұлын күнәкарлардың қолына ұстап береді. Тұрыңдар, кеттік: міне, Мені ұстап беруші келе жатыр, – деді.
Талқылауға арналған сұрақтар
3 сұрақИса кешкі астан кейін қайда барды?
Иса Гетсимани бағында не істеді? Ол өз Әкесінен не сұрады?
Ол шәкірттерінен не өтінді?