
Бейшара әйелдің Құдайға адалдығы
Марқа жазған Ізгі хабар 12:41-44
Иса Иерусалимге келгенде Ол шәкірттерімен бірге ғибадатхананың сыртқы ауласына барды. Содан кейін Иса сый-тартуларға арналған сандықтардың қарсы бетіне отырып, жұрттың сандыққа қалай ақша салып жатқанын бақылады. Көптеген байлар молынан салды, бірақ олар мұны жұртқа көрсету үшін жасады.
Сол кезде бір кедей жесір әйел келіп, құны төрт тиын болатын екі бақыр салды. Иса бұл тиындардың сол әйел үшін қандай қымбат екенін білді. Иса шәкірттерін шақырып:
– Ақша салғандардың бәрінен бұл жесір әйел көбірек берді. Себебі өзгелері артығын ғана берген болса, бұл әйел өзі бейшара бола тұра, тіршілік етуге керегінің бәрін беріп қойды! – деді.
Бұл шәкірттер үшін жақсы сабақ болды. Осылайша Иса оларға: Құдай садақаның мөлшеріне емес, берушінің жүрегіне қарайтынын көрсетті. Сол сияқты шәкірттер де кейін қауымға қамқор болғанда осылай істеуі керек.
Талқылауға арналған сұрақтар
3 сұрақҒибадатхананың сыртқы ауласында Иса мен Оның шәкірттерінің назарлары неге аударылды?
Неліктен ғибадатханадағы үлкен садақалар Исаға еш әсер етпеді?
Не үшін Иса шәкірттеріне бейшара жесір әйелді үлгі етіп көрсетті?