
Марта мен Мариям
Лұқа жазған Ізгі хабар 10:38-42
Иса Иерусалимге барғанда, қаладан біраз жердегі Бетания қалашығына баратын. Өзінің достары — Мәриям, Марта және олардың бауыры Елазардың үйінде тоқтайтын.
Міне, бір күні Иса келгенде Мәриям Оның сөздерін тыңдап отырды, ал қонақты жақсылап күтудің қамын ойлаған Марта зыр жүгіріп қызмет етті. Біраз уақыт өткен соң Марта өкпелеген күйі Исаға:
– Мырза, сіңлімнің барлық жұмысты маған қалдырғанына жайбарақат қарап отырасыз ба? Ол маған көмектессін, айтыңызшы! – деді.
Дегенмен Иса, оған былай деп жайлап ескертіп:
– Әй, Марта, Марта сен көп нәрсенің қамын ойлап, уайымдайсың. Ал керегі бір-ақ нәрсе ғой: Мәриям ең игі жағын таңдады, оны содан ешкім айыра алмайды, – деді.
Ұлы Ұстаз не айтқысы келді? Ол Мартаға және барша адамдарға болмашы нәрселерге тым көп көңіл бөле бермеу керектігін түсіндіргісі келді. Мәриям сияқты, тәннің емес, рухтың азығы маңызды екенін түсінуі керек болды. Ең маңыздысы – Иса Мәсіхке деген сенім – оны ешкім ешқашан тартып ала алмайды, ал жердегі өмір ерте ме кеш пе аяқталады. Әрине, бұл – жердегі өмір жайлы мүлде ойланбау керек дегенді білдірмейді. Әрбір адамның өзінің жауапкершілігі мен мақсаты бар! Марта сияқты, күнделікті тұрмыс-тіршілік рухани өмірден басым болмауы керек. Марта үшін сол сәтте Құтқарушының сөздерінен гөрі, қонақты жақсылап күту маңыздырақ болды.
Талқылауға арналған сұрақтар
3 сұрақИса Иерусалимге келген кезде қай жерде жиі тоқтайтын?
Марта қонақ күтудің қамын ойлап, зыр жүгіріп қызмет етіп жүргенде не жайлы ұмытып кетті?
Неліктен Иса Мәриямды Мартаға көмектесуге жібермеді?