
Теңіздегі дауыл
Лұқа жазған Ізгі хабар 8:22-25
Бір күні кешке қарай Иса Генесәрет көлінің жағасында жиналған халыққа тәлім беріп болған соң шәкірттеріне:
– Көлдің арғы бетіне өтейік, – деді.
Шәкірттері қайықты дайындап, Исамен бірге қайыққа мініп жолға шықты.
Иса қатты шаршағандықтан ұйықтап қалды. Кенеттен Ғалилея көлінде жиі болып тұратын қатты дауыл тұрды. Қайықты толқын ұрып, ішіне су кете бастады. Шәкірттері жағдайдың қауіпті екенін түсінгенде, үрейленіп Исаны оятты.
Олар:
– Ұстаз! Ұстаз! Өлетін болдық! – деп айқайлады.
Иса орнынан тұрды. Ол қайықты соққылап жатқан толқынды көріп, желдің гуілін естіді және қайықтың ары-бері шайқалып жатқанын сезіп, дауыл мен толқынға:
– Тыныштал! Тоқта! – деп бұйырды.
Сол сәтте-ақ дауыл басылып, толқын да тоқтады. Көлдің беті айнадай жылтыр болып қалды.
Керемет! Дауылдың бірден басылып қалуы бұрын-соңды болмаған құбылыс, толқындар да ақырындап басылушы еді. Ал қазір – барлығы тына қалды! Исаның шәкірттері мұндайды әлі көрмеген еді. Сонда Иса оларға:
– Неліктен сонша қорқасындар? Сенімдерің қайда? – деді.
Шәкірттері үрейленіп, аң-таң болып, біріне-бірі:
– Жел мен суға билігін жүргізіп, оларды бағындыратын бұл кім Өзі? – десті.
Талқылауға арналған сұрақтар
3 сұрақДауыл кезінде Иса Мәсіх қалай тыныш ұйықтай алды?
Шәкірттер неге сонша қорықты? Олар нені ұмытты?
Иса дауылды тоқтатқанда, шәкірттер қандай сезімде болды?