Жесір әйелдің баласының қайта тірілуі

Жесір әйелдің баласының қайта тірілуі

Лұқа жазған Ізгі хабар 7:11-16

Біраздан кейін Иса Ғалилеядағы Наин атты қалаға барды. Оған шәкірттері және көптеген адам еріп жүрді. Иса қала қақпасына жақындаған кезде жұрт біреудің мәйітін қабірге жерлеуге алып шығып келе жатты. Бұл – бір жесір әйелдің жалғыз ұлы болатын. Қаладан жесірдің қайғысына ортақтасқан көп халық ілесіп шықты.

Иеміз Иса әйелді көргенде, оған жаны ашып:

–Жыламаңыз! – деп жұбатты.

Содан Ол жақындап барып, табытқа қолын тигізді. Табыт көтергендер тоқтағанда, Иса:

– Балам, саған айтамын, түрегел! – деді.

Сонда өлген жігіт түрегеліп отырып, сөйлей бастады! Бұл керемет болды! Иса оны шешесіне табыс етті. Соны көргендердің барлығы бір сәтке үндемей қалды, жұрттың бәрін үрей биледі. Содан соң олар: «Арамыздан ұлы Пайғамбар шықты!», «Құдай өз халқына мейірім көрсетуге келді!», – деп Құдайды мадақтады.

Адамдар Исраилдің Құдайын дәріптеп, мадақтап жатты. Иса туралы осындай хабар бүкіл Яһуди аймағына және барлық төңірекке тарап кетті.

Талқылауға арналған сұрақтар

3 сұрақ
  1. Иса қай қалаға келді?

  2. Ол қала қақпасының алдында кімді кездестірді?

  3. Наин қаласында не болды? Адамдар орын алған кереметке қалай қарады?

66. Жесір әйелдің баласының қайта тірілуі00:00 / 01:24