
Ауруынан сауыққан әйел
Лұқа жазған Ізгі хабар 8:42-48
Иса қайықпен Қапарнаумға қайта оралғанда, оны бір топ адам күтіп тұрды.
Оның соңынан көптеген адамдар ерді. Олар көшенің тар жолымен өтіп бара жатқанда, Иса бұрылып:
– Маған қолын тигізген кім? – деп сұрады.
Өйткені Ол Өзінен сауықтыру құдіретінің шыққанын сезді. Ал шәкірттері аң таң болып:
– Ұстаз! Халық Сені қаумалап қыспақтап тұр ғой. Маған қолын тигізген кім? дегенің не?
Иса оларға жауап бермеді, бірақ Өзіне қолын тигізген кім екенін табу үшін жан-жағына қарады.
Исаның артынан еріп келе жатқан адамдардың арасында бір әйел болды. Ол он екі жыл бойы әр түрлі дәрігерлерге барып емделіп, бар мал-мүлкін дәрігерлерге жұмсағанымен, біреуі де оны сауықтыра алмады. Содан соң Иса жасаған көптеген кереметтер туралы естіп, сауығу үшін Оған келді. «Оның шапанының шетіне қолымды тигізсем, сауығып кетемін» деген оймен әйел Исаның арт жағынан жақындап келді. Бұл әйел Исаның сауықтыратынына күмәнсіз сенді! Ақырында ол Ұстаздың киімінің шетіне қолын тигізе салысымен-ақ өзінің сауығып кеткенін сезді.
Әрине, Иса Өзіне қолын тигізіп сауығып кеткен кім екенін білді, бірақ Ол сол әйелдің өзінің келуін күтті. Әйел келді.
Ол қорыққанынан дірілдеп, Исаның аяғына жығыла кетті де, Оған бәрін айтып берді. Есесіне Исаның оған сүйіспеншілікпен:
– Қызым, сен сенімің арқылы сауықтың. Амандықпен қайта бер! – деп айтқан сөздерін естіді.
Талқылауға арналған сұрақтар
3 сұрақИса шәкірттерімен бірге қай қалаға келді?
Он екі жыл бойы ауырған әйел не істеді?
Әйелді не сауықтырды?