Алапес адамның сауығуы

Алапес адамның сауығуы

Лұқа жазған Ізгі хабар 5:12-14

Исаға Өзінің жер бетіндегі қызметі кезінде көп сапар шегуге тура келді. Ол әртүрлі қалалар мен ауылдарға барып, көптеген науқастар мен сал адамдарды сауықтырды. Сол заманда Палестина тұрғындарының ең ауыр жұқпалы тері ауруларының бірі – алапес ауруы болды.

Иса Ғалилея қалаларының бірінде бір алапес адамды кездестірді. Ол жүгіріп келіп, Исаның алдында тізе бүгіп, Оған:

– Ием! Егер қаласаң, мені тазарта аласың, – деді.

Бұл адамның Исаға деген сенімі күшті болатын!

Иса қолын созып, оның денесіне тигізді де:

– Қалаймын, тазар! – деді.

Бұл Исаның жай ғана қалауы емес, Құдайдың бұйыруы болды. Құдайдан басқа ешкім де осылай істей алмайды.

Сол сәтте-ақ ауру адам алапесінен арылды. Ол сауығып, денесі тазарғанын көріп, бақытқа кенелді.

Иса оған өзінің сауыққаны туралы ешкімге айтпай, оның орнына, Мұсаның берген Заңында жазылғандай, діни қызметкерге барып өзінің тазарғаны үшін құрбандық шалуды бұйырды.

Бірақ мұндай кереметті жасыру мүмкін емес.

Исаны тыңдауға және сауығуға келетін адамдардың саны бұрынғыдан да артты.

Талқылауға арналған сұрақтар

3 сұрақ
  1. Алапес адам неліктен айналадағы адамдарға қауіпті болды?

  2. Алапес адам Исаны көргенде не үшін қатты қуанды?

  3. Не үшін Иса алапестің сауыққаны туралы ешкімге айтпағанын қалады?

63. Алапес адамның сауығуы00:00 / 01:36