
Түнгі қонақ
Жохан жазған Ізгі хабар 3:1-21
Құтқарылу мейрамы кезінде Иса көптеген керемет жасады, сол себепті көп адам Оған сенді. Оны Мәсіх және Құтқарушы ретінде көбінесе кедейлер қабылдады, ал байлар Оған күмәнмен қарады.
Бірақ Иерусалимде Исаға шынымен мұқтаж біреу болды. Ол Иемізбен жекеше сөйлескісі келді.
Күндіз келуге оның батылы жетпеді, себебі ол абыройлы және әйгілі адам болатын. Ол – парызшылдар мен діни ұстаздар арасындағы Нікөдім есімді ғұлама еді.
Айналасындағы адамдардың жақтырмай қалуынан қорқып, ол Исаға түнде келді. Нікөдім үйге кіргенде:
– Ұстаз! Сенің Құдайдан келген Ұстаз екеніңді білеміз: себебі Сен жасаған кереметтерді Құдайдың көмегінсіз ешкім істей алмайды, – деді.
Нікөдім Исаны ұлы Ұстаз деп ойлады, бірақ ол Оның Құдайдың Ұлы екенін білмеді. Күтпеген жерден Иса:
– Аспан Патшалығына кіру үшін әр адам қайта тууы керек, – деді.
Нікөдім үшін бұл түсініксіз болды, сол себепті ол Исадан:
– Адам қалайша қайта тууы мүмкін? Ол қайтадан сәби болып туа ма? – деп сұрады.
Иса оған адам Киелі Рухтан тууы керектігін айтты. Бірақ Нікөдім үшін бұл да мүлдем түсініксіз еді. Сол себепті Иеміз оған былай деп түсіндірді:
– Әрбір адам күнәкар, ол өздігінен әділ бола алмайды. Тек Киелі Рух қана оны өзгертіп, басқа адам ете алады.
Бірақ мұның қалай болатынын адам түсіне алмайды.
Иса сол сөздерді айқындап:
– Жел қалаған жерінде соғады; сен оның гуілін естисің, бірақ қайдан келіп, қайда кеткенін білмейсің. Рухтан туған әркіммен де солай болады, – деді.
Бірақ Нікөдімге бұл әлі де түсініксіз еді. Сонда ол:
– Бұл қалай болуы мүмкін?
Иса оған Құдай Ұлына сену арқылы ғана адам әділ бола алатыны және Құдай Өз Ұлын адамдардың күнәлары үшін өлімге беретіні жайлы айтып түсіндіріп:
– Құдай Өзінің Ұлын адамзатты соттау үшін емес, қайта, оларды құтқару үшін жіберді, – деді.
Исаның сөздері Нікөдімге қатты әсер етті.
Талқылауға арналған сұрақтар
3 сұрақНеліктен Нікөдім Исамен түнде кездескісі келді?
Адамның Құдай Патшалығына баруы үшін онымен не болуы тиіс?
Құдай жер бетіне Өз Ұлын не үшін жіберді?