
Ғибадатхананың бірінші тазартылуы
Жохан жазған Ізгі хабар 2:13-17
Иса шәкірттерімен, шешесімен және Өзінің бауырларымен бірге Ғалилея көлінің аймағында бірнеше күн болды. Содан Ол Иерусалимге Құтқарылу мейрамына барды.
Ғибадатхананың алаңында адамдар көп еді. Ол жерде тек мейрамға құрбандық шалуға келген адамдар ғана емес, сонымен қатар саудагерлер де болды.
Сол кезде Иеміз Иса сол мейрамда пайда көретін саудагерлер мен ақша айырбастаушыларға қатты ашуланды. Жаратқан Иенің ғибадатханасының ауласы сауда орталығына айналған еді. Құдайдың Киелі Үйіне ешкім құрмет көрсетпеді.
Иеміз Иса жерден арқанды алып, қамшы өрді де, сатушыларды, қой, бұқаларымен бірге ғибадатхана ауласынан қуып шықты. Ол сатушыларға:
– Менің Әкемнің Киелі Үйін қарақшылар ордасына айналдырмаңдар! Ол сиыну үйі деп аталатын болады, – деді.
Саудагерлер ғибадатхананың ауласынан шығып қаша жөнелді. Ақша айырбастаушылар Иеміздің беделін мойындады. Ол ақша айырбастаушылардың үстелдерін аударып, ақшаларын шашып жіберді. Адамдардың барлығы Исаның не істегенін көріп тұрды, бірақ Оған қарсы келуге ешкімнің батылы жетпеді.
Талқылауға арналған сұрақтар
2 сұрақИса ғибадатхана алдында не көрді?
Ол не істеді? Саудагерлерге Ол қандай сөздер айтты?