
Исаның алғашқы шәкірттері
Жохан жазған Ізгі хабар 1:35-51
Бір күні Жақия пайғамбар халыққа Иеміз жайлы уағыз айтып жүрді. Сол кезде Иса Иорданға қайта келді. Жақия екі шәкірті Әндірмен және Жоханмен сөйлесіп тұрғанда, оларға жақындап келе жатқан Исаны көрді де:
– Қараңдар, Мынау Құдайдың құрбандыққа берген Тоқтысы, – деді.
Жақия осылай айтқанда, шәкірттерге Исаның ең жақсы Ұстаз екенін түсіндіргісі келді. Сол сәтте Әндір мен Жохан Исаның соңынан ерді. Иса оларға бұрылып қарап:
– Не іздеп жүрсіңдер? – деп сұрады. Олар Оған:
– Ұстаз! Сен қайда тұрып жатырсың? – деп сұрады. Иса оларға:
– Келіңдер де, көріңдер! – деді.
Исаның Өз үйі болмады. Оның Өзінің киімінен басқа жеке еш нәрсесі болмады. Екі шәкірті Исамен бірге Ол тұратын үйге кіріп, сонда түнеп қалды. Олар Исамен қуана әңгімелесті. Олармен Иса сияқты мағыналы да қарапайым сөйлескен ешкім болмаған.
Әндірдің Шимон деген ағасы бар болатын. Олар әкелерімен бірге Ғалилея өзенінің маңында орналасқан Бетсайда қаласында тұрды.Олардың барлығы балықшылар еді. Әндір өзінің бауырына Иса жайлы айту үшін оны іздеп шықты. Ол Шимонды көре сала: – Біз Құтқарушы Мәсіхті таптық! – дейді.
Содан кейін ол Шимонға Исамен барып танысуды ұсынды. Шимон мұнымен тез келісті. Иса келе жатқан Шимонға қарап:
– Сен Жоханның ұлы Шимонсың. Бұдан былай Кефа деп аталасың, – деді.
Кефа грек тілінде Петір, яғни «Тас» дегенді білдіреді. Шимон Исаның оны алғаш рет көріп тұрса да, Оның есімін бұрыннан білгеніне қатты таң қалды. Иса бұл атты бергенде, Шимон болашақта батыл әрі мықты шәкірт болатынын білді.
Талқылауға арналған сұрақтар
2 сұрақИсаның бірінші шәкірттері кім болды?
Иса кімге Петір деген ат қойды және ол не мағына береді?