Бабыл мұнарасы

Бабыл мұнарасы

Жаратылыстың басталуы кітабы, 11 тарау

Дүниежүзілік топан судан кейін Нұхтың ұлдары Шам, Хам және Япшіден көптеген ұрпақ тарады. Енді адамдар бұрынғыдай көп өмір сүрмеді. Егер Нұх 950 жыл өмір сүрсе, оның ұлы Шам 600 жыл, ал Шамның ұлы 430 жыл өмір сүрді. Бірақ Нұхтың ұрпағы жердің түкпір-түкпіріне бытырап кетер алдында мынадай оқиға болды. Адамдар Шығыс жақтан Шинар жеріне келді. Олардың бәрі бір тілде сөйледі. Бірақ бір күні оларда бір жоспар туындап, бір-біріне:

– Келіңдер, кірпіш құйып, отқа күйдірейік! Өзімізге қала салып, төбесі көкке жететін зәулім мұнара тұрғызайық. Біз жердің түкпір- түкпіріне бытырап кетпей, өз атымызды шығарайық, – деді.

Олардың жүректерінің тәкаппарлығын көрген Құдай:

– Мен адамдарға көктен түсіп, олардың тілдерін шатастырып жіберемін, сонда олардың ақылсыз әрі мағынасыз жоспары жүзеге аспайды, – деді.

Бір сәтте адамдар бір-бірін түсіне алмай қалды, себебі олар әртүрлі тілде сөйлей бастады. Олардың шатасқандары соншалық, тіпті адамдар мұнара соғуын тоқтатып қойды.

Жаратқан Ие оларды жер бетінің түкпір-түкпіріне бытыратып жіберді. Бұл қала Бабыл деп аталды, себебі қаланың атауы «бытырау» деген мағынаны білдіретін.

Осылайша Бабыл мұнарасы туралы оқиға топан судан кейін жер бетінде әртүрлі тілдердің пайда болуын түсіндіреді.

Талқылауға арналған сұрақтар

3 сұрақ
  1. Адамдар жердің түкпір-түкпіріне бытырап кетпей жатып не істегілері келді?

  2. Неліктен олар ештеңе істей алмады?

  3. Бабыл қаласының аты қандай мағына береді?

5. Бабыл мұнарасы00:00 / 01:46