Даниялға қарсы жасалған қастандық

Даниялға қарсы жасалған қастандық

Даниял пайғамбар кітабы, 6 тарау

Жаңа мидия-парсы патшалығын Кир патша басқарды. Ол Бабыл еліне мидиялық Дарийді патша етіп қойды. Дарий бүкіл патшалыққа жүз жиырма аймақ басшыларын тағайындады. Бұған қоса аймақ басшыларын бақылап, есеп алып отыратын үш уәзірді де тағайындады. Сол үш уәзірдің біреуі Даниял болды.

Дарий патша Даниялды жоғары бағалайтын, бірақ сарайда оған қызғана қарайтын адамдар да болды. Бір күні сол адамдар патшаға келіп былай деді:

– Уа, Дарий патша, өміріңіз ұзақ болсын! Сіз құдіретті, мәртебелі және мейірімді патшасыз! Барлық адамдар сіздің рақымыңызбен өмір сүріп жатыр. Бірақ барлығы мұны білмейді. Сол себепті біз сіздің рақымыңызды барлығы біліп тануы үшін мынаны ойластырдық. Мынадай заңды қабылдап, жарлық шығарса, тиімді болар еді деген қорытындыға келдік.Кімде-кім отыз күндік мерзім ішінде өзіңізге емес, уа, патша иеміз, басқа бір құдайға не пендеге бас ұрып, өтініш жасаса, сол адам арыстандардың апанына тасталсын. Сөздедін жалғастырып:

– Уа, патша, бұл жарлықты бекіте көріңіз. Біреу бір нәрсе сұрағысы келсе тек сізден ғана сұрасын. Сонда сіздің қаншалықты мейірімді екеніңізді барлығы білетін болсын, – деді.

– Бұл жақсы ой екен, – деп қуанып қалды патша. – Мен бұл жарлықты бекітемін, ал кімде-кім оны бұзса, арыстанның апанына тасталатын болады.

Талқылауға арналған сұрақтар

3 сұрақ
  1. Бабылдың жаңа патшасы кім болды? Оның есімі кім?

  2. Даниял қандай атақ алды?

  3. Дарий патша қандай жарлық бекітпек болды?

47. Даниялға қарсы жасалған қастандық00:00 / 02:03