Белшазардың қонақасы

Белшазардың қонақасы

Даниял пайғамбар кітабы, 5 тарау

Набуходоносордың өлімінен кейін Белшазар патшалық құрды. Ол қонақасы беріп уақыт өткізуді ұнататын. Бір күні ол өзінің сарайында үлкен қонақасы беріп жатқанда оның жаулары Бабылды қоршап алды.

Белшазар мыңдаған басшыларға арнап үлкен қонақасы берді. Шарап ішіп отырып, ол:

– Атам Набуходоносор кезінде Иерусалимдегі ғибадатханадан алып келген ыдыстарды әкеліндер! – деп бұйырды.

Содан олар жалған тәңірлеріне табынып, солар бізді қорғайды деп ойлады.

Кенеттен тыныштық орнады. Патша мен оның қонақтары қабырғаға адам қолымен жазылып жатқан құпия сөздерді көріп таңғалды. Бірақ ешкім жазылғанды не оқи, не түсіне алмады. Патшаның жүзі бозарып, аяқтары дірілдей бастады. Патшаның жүзі бозарып, денесі дірілдей бастады. Ол жазудың не екенін түсінбесе де, бұл жақсы нәрсе емес екенін сезді.

Ол қатты дауыспен өзінің алдына Бабыл данышпандары мен сиқыршыларын әкелуді бұйырды. Сол сөздерді оқып берген адамға барлық жағдайын жасап беруді уәде етті, бірақ оны оқу ешбір данышпанның қолынан келмеді. Оның анасы патшалықта Құдайдың Рухы қонған Даниял деген адам бар екенін айтты. Бір кезде Набуходоносор патша оны жер бетіндегі данышпандардың басшысы етіп қойған еді.

Даниялды Белшазарға алып келгенде, патша оған:

– Мен сенің дана, білімді екеніңді және сенде Құдайдың Рухы бар деп естідім. Бабылдың данышпандары маған мына сөздердің мағынасын түсіндіріп бере алмады. Егер сен түсіндіріп берсең, мен сені марапаттаймын, көп сыйлық беремін, – деп уәде берді.

Бірақ Даниял оған:

– Сыйларыңызды өзіңізде қалдырыңыз, атақты да басқа біреуге беріңіз. Мен онсыз да сізге сол сөздердің мағынасын айтып беремін, – деді.

МЕНЕ, МЕНЕ, ТЕКЕЛ, УПАРСИН.

Даниял сөзін жалғастырып:

– Құдай барлық патшалар мен халықтардың билеушісі. Бірақ сіз Көктің Иесіне қарсы бас көтердіңіз! Оның ки елі үйінен тонап алынған ыдыстарды алдыртып, сол ыдыстармен басшыларыңыз, әйелдеріңіз және кәнизәктарыңызбен бірге шарап іштіңіз, оның үстіне күміс, алтын, қола, темір, ағаш және тастан жасалған, ештеңені көріп-естімейтін әрі түсінбейтін тәңірсымақтарды мадақтап отырдыңыз. Ал өміріңіз бен барлық жолдарыңызды өз қолында ұстап тұрған Құдайға ешқандай мадақтау айтқан жоқсыз! Сол себептен де Ол осы қолды жіберіп, мына жазуды жаздыртты: МЕНЕ, МЕНЕ, ТЕКЕЛ, УПАРСИН. Олардың түсіндірмесі мынау: Құдай сенің патшалығыңның күндерін санап, оның соңын белгіледі. Сен таразыға тартылып, тым жеңіл болып шықтың. Патшалығың бөлініп, мидиялықтар мен парсыларға берілді.

Дәл сол түні халдей патшасы Белшазар өлтірілді. Оның патшалығын парсы патшасы Кир иемденді. Осылайша ұлы Бабыл патшалығы құлады.

Талқылауға арналған сұрақтар

5 сұрақ
  1. Бабылды қоршап алған кезде Белшазар немен әлек болды?

  2. Қонақасы кезінде ол шарапты немен ішті?

  3. Белшазар мен оның қызметкерлері қандай көрініс көрді?

  4. Белшазарға оны кім түсіндіріп берді?

  5. Белшазардың ең басты мәселесі не болды? Онымен не болды?

46. Белшазардың қонақасы00:00 / 03:48