Арыстан апанындағы Даниял

Арыстан апанындағы Даниял

Даниял пайғамбардың кітабы, 6 тарау

Парсы мен мидиялықтардың заңының бір ерекшелігі — оны ешкім өзгерте алмайтын. Тіпті оны бекіткен патшаның өзі де оны өзгерте алмайтын. Әрине, Даниял жаңа заң жайлы естіді. Соған қарамастан ол бұрынғысынша күніне үш рет Құдайдың алдында тізерлеп тұрып, сиына берді. Ол Құдайға сиынатын бөлмесінің терезелері әрқашан ашық тұратын, сондықтан сырттағылар оның даусын еститін. Бірде төрешілер оның үйіне басып кіріп, оны ұстап алды.

Көп кешікпей оны Дарий патшаның алдына әкелді де, көрген білгендерін жеткізді. Сонда патша қатты қайғырды. Ол:

– Бұл мүмкін емес! Сендер менің досымды жазғыра алмайсыңдар! – деді патша ашуланып.

– Бірақ, ұлы патшам біз ешкімге жамандық тілемейміз! Бұны заң талап етеді, – деді олардың біреуі батыл сөйлеп.

– Сендер мені алдадыңдар! Даниялға қастық ойладыңдар. Енді көзімнен жоғалыңдар! – деді ашулы патша.

Дарий қатты қайғырды. Ол күні бойы ойланып, өзінің достарымен ақылдасты. Бірақ олардың ешқайсысы да бұны қалай шешуін білмеді. Көңілі түскен Дарий патша әлдеқашан арыстанның апанының алдында тұрған Даниялға барды. Өлім жазасына кесілген адамды тастар алдында, арыстандарды бірнеше күн аш ұстайтын. Дарий ауыр күрсініп Даниялдың иығына қолын қойып:

– Өзің тұрақты түрде қызмет ететін Құдайың енді саған көмектессін! Мен ештеңе де істей алмаймын, – деді.

Содан соң патша Даниялды арыстанның апанына тастауды білдіретін белгіні берді.

Күні бойы Дарий ештеңе жемеді, ал түнде ұйықтай алмады. Таң атысымен ол асыға арыстанның апанына барды:

– Даниял! – деп шақырды патша дірілдеген даусымен. – Даниял, сен әлі тірімісің? Құдайың сені құтқарды ма?

Апаннан Даниялдың жай ғана шыққан дауысы естілді, ол:

– Иә, патшам! Құдай періштесін жіберіп, арыстандардың ауыздарын жапты. Олар маған еш зиян тигізген жоқ, – деп жауап қатты.

Даниялды сол сәтте-ақ апаннан шығарып алды; ол еш зақымдалмаған еді. Патша ерекше қуанышқа бөленіп, өзін жеңіл сезінді. Сарайға қайта оралысымен Даниялдың жауларын арыстандардың апанына тастауды бұйырды. Содан соң өз елінің бүкіл басшыларына былай деп үндеу жазды:

– Менің патшалығымның барлық тұрғындарына Даниялдың Құдайын құрметтеуді бұйырамын, себебі Ол тірі Құдай. Ол құтқара алады, әрі кереметтер жасай алады. Оның Патшалығы менікінен де ұлы, Ол мәңгі билік етеді.

Талқылауға арналған сұрақтар

3 сұрақ
  1. Даниял патшаның жаңа жарлығын білгенде не істеді?

  2. Даниялды апанға тастамас бұрын патша оған не деді?

  3. Даниял апаннан аман-есен шыққан соң патша қандай жарлық шығарды?

48. Арыстан апанындағы Даниял00:00 / 03:19