Даниял мен оның достары

Даниял мен оның достары

Даниял пайғамбар кітабы, 1 тарау

Набуходоносордың сарайында Исраил халқының Яһуда руынан шыққан бірнеше жасөспірім жігіттер болды. Патшаның олар туралы өз ойы, өз жоспары бар еді. Сол жасөспірімдер үш жыл бойы тәлім алғаннан кейін патша оларды сарайдағы қызметке алмақ болды.

Ол жасөспірімдердің есімдері: Даниял, Хананиях, Мишаел, Азариях еді. Олар бұрынғы өздерінің яһудилік тектерін еске түсірмеуі үшін, уәзір олардың аттарын өзгертіп, Даниялға Балташазар, Хананияхқа Садырақ, Мишаелге Мисақ, Азарияхқа Әбдінего деп жаңадан ат қойды.

Достар тұтқында болғанда өздерінің Құдайына сенім артып, Оған сиынуларын жалғастыра берді. Олар әуел бастан патшаның тамағы мен шарабын ішіп-жеп өзімізді арамдамаймыз деп берік шешім қабылдады.

Құдай олардың ерлігі мен адалдығы үшін оларға батасын беріп, даналық пен білім сыйлады.

Олардың сырт келбеттері де ерекше әдемі болды. Даниял Құдайдан ерекше сыйға, яғни Құдай Рухының көмегімен түс пен көріністі жори алатын дарынға ие болды. Бір күні ол ешкім жори алмайтын Набуходоносордың түсін жорып берді. Патша бұған таңғалды, бірақ Даниял бұл оның өзі емес, бұл Құдай берген дарын екенін айтты. Сонда Набуходоносор Даниялдың Құдайын мадақтады.

Талқылауға арналған сұрақтар

4 сұрақ
  1. Набуходоносор патша сарайында кімдерді тұрғызды?

  2. Олардың есімдері кім еді?

  3. Сол жасөспірімдерге қатысты оның жоспары қандай еді?

  4. Достар қандай шешім қабылдады?

44. Даниял мен оның достары00:00 / 01:56