Құдайға бағышталған ғибадатхана

Құдайға бағышталған ғибадатхана

Патшалықтар туралы 3-ші жазба, 5-8 тарау

Жаратқан Ие Сүлейменнің патшалығын Өзі жарылқап, оған ерекше бата берді. Елде амандық пен тыныштық орнады. Алайда Сүлейменнің алдында үлкен міндет тұрды: Құдайға ғибадатхана тұрғызу керек болды.

Исраил халқы Мысырдан шыққаннан кейін төрт жүз сексен жыл өткен соң Құдайға арнап ғибадатхана сала бастады. Сүлеймен өзінің марқұм әкесі Дәуіттің досы Тир патшасы Хираммен келісім жасады. Хирам құрылысқа құнды ағаштар мен тастарды жеткізуге, ал Исраил оның орнына азық-түлік беруге келісті. Ғибадатхана құрылысы жеті жылға созылды. Ғибадатхана Дәуіт қайтыс болар алдында Сүлейменге тапсырған жоспармен салынды. Киелі үйдің орнын да Дәуіт белгілеп кеткен еді. Ол Мория тауында Ыбырайым өзінің Құдайға деген адалдығын дәлелдеген және Құдай оның ұлы Ысқақты өлімнен сақтап қалған жерге тұрғызды.

Киелі үй екі бөлікке бөлінді: біріншісі – «Киелі», ал екіншісі – «Киелілердің киелісі» деп аталды. Киелі үй екі бөлікке бөлінді: біріншісі – «Киелі», ал екіншісі – «Киелілердің киелісі» деп аталды. Сонымен қатар ол қалың пердемен жабылған болатын.

Онда терезе болмады, себебі ол жер әрдайым қараңғы болуы тиіс еді. Киелі Жазба сол жерді «Құдаймен тілдесетін орын» деп атайды, себебі ол жерде көрінбейтін Құдай бар болатын.

Киелі үйдің құрылысы аяқталған кезде, ол салтанатты түрде нұрға кенелді. Сүлеймен патша Жаратқан Иенің Келісім сандығын Сион төбесіндегі Дәуіттің шаһарынан киелі үйге көшіруге арналған салтанатқа қатысуға Исраил халқының ақсақалдарын, барлық рубасылары мен әулет басшыларын Иерусалимге шақырды. Діни қызметкерлер киелі үйден шыққан сәтте, ғимарат қалың бұлтқа толды. Осылайша Құдай Өзінің Исраил халқының арасында екенін ашық көрсетті!

Ал Сүлеймен киелі үйдің құрылысы Құдайға ұнағанына сенімді болды.

Талқылауға арналған сұрақтар

4 сұрақ
  1. Тир патшасы не үшін Сүлейменге көмектесті?

  2. Киелі үйдің құрылысы неше жылға созылды?

  3. Киелі үйде не үшін киелілердің киелісі қажет болды?

  4. Жаратқан Иенің Келісім сандығын киелі үйге апарғанда не болды?

39. Құдайға бағышталған ғибадатхана00:00 / 02:31