Келісім сандығын Сион тауына көшіру

Келісім сандығын Сион тауына көшіру

Патшалықтар туралы 2-ші жазба, 5:7-11; Шежірелер туралы 2-ші жазба, 13-16 тарау

Міне, Құдай уәде еткендей Дәуіт патша болды. Дәуіт Бетлехемде дүниеге келді, сол жерде қой бақты. Патша болған соң ол Иерусалимде тұрды.

Иерусалим ерекше әдемі қала. Ол қала бірнеше төбелердің үстіне құрылған, олардың бірі Сион тауы деп аталды. Осы қалада Дәуіт өзіне сарай салды. Ол Құдайды өте қатты жақсы көріп, Құдайдың киелі сандығы қасында болғанын қалады. Міне, соған баратын уақыт та келді.

Дәуітпен бірге көптеген діни қызметкерлер де барды. Халық та оған еріп әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнады. Олар сол аспаптармен Құдайға мадақ айтты. Дәуіт те арфада ойнады. Олардың артында діни қызметкерлер Құдайдың Келісім сандығын алып келе жатты.

Құдайға айтылған мадақтауды есту қандай керемет, десеңізші! Көптеген адамдар оларды тамашалауға шықты. Олар Дәуіттің Құдайды мадақтап, арфада ойнағанын көрді. Ол сол күні қандай бақытты болды десеңші!

Келісім сандығын жан-жағы қоршалған қақпасы бар Сион тауының төбесіне алып барды. Патша мен келісім сандығын кіргізу үшін қақпалар ашылды. Дәуіт келісім сандығын қоятын орынды алдын-ала шымылдықпен жауып қоятын етіп дайындауын бұйырды. Әншілер патшаның өзі жазған «Жаратқанды мадақтаңдар!» атты мадақтау жырын айтты. Сол күні Дәуіт Құдайға құрбандық шалып, маңайында тұрған халыққа батасын берді.

Енді Құдайдың келісім сандығы өзінің сарайының қасында болғанына Дәуіт қатты қуанды. Әншілер күн сайын келісім сандығының алдында Құдайды мадақтады.

Дәуіт өзінің сарайында әрдайым бола берген жоқ, себебі ол філістірлермен және тағы басқа Исраил халқының жауларымен шайқасуға кететін. Бірақ шайқастарда Құдай әрдайым Дәуітке және оның сарбаздарына жеңіс сыйлаған кезде, ол Сион тауына келіп, Құдайға алғыс айтып, Оны мадақтап отырды.

Талқылауға арналған сұрақтар

2 сұрақ
  1. Дәуіттің сарайы қай қалада болды?

  2. Келісім сандығының қайта оралғанына Дәуіт өзінің қуанышын қалай білдірді?

37. Келісім сандығын Сион тауына көшіру00:00 / 02:26