
Жат жерде өткен жылдар
Жаратылыстың басталауы кітабы, 29-31 тарау
Жақып ақыры өзінің туыстары тұратын жерге келіп жетті. Ол малшылардан:
– Лабан деген кісіні танымайсыңдар ма? – деп сұрады.
– Білеміз, Анау малдарды айдап әкеле жатқан қызды көріп тұрсың ба? Ол Лабанның кіші қызы Рахила, – деді малшылар.
Осылайша Жақып өзінің мақсатына жеткенін білді. Ол Құдайға алғысын білдіріп, Рахилаға малдарын суаруға көмектесті. Рахила өте әдемі қыз еді, Жақып мұны тез байқап қалды. Бірақ Жақып әлі оған өзінің кім екенін айтқан жоқ.
– Маған не үшін көмектесіп жатырсың? – деп сұрады Рахила.
– Көп жылдар бұрын сенің әпкең Рабиға осы жерден кетіп, Қанахан еліне күйеуге шығып еді, – деді Жақып.
– Білемін, – деді Рахила, – маған ол жайлы менің әкем Лабан айтып берген. Ал сен кімсің?
– Мен сол Рабиғаның ұлы Жақыппын.
– Сонда, сен менің туысым болдың ғой! – деп қуанып кетті Рахила.
– Бізге қош келдің!
Лабан Жақып туралы естігенде қуанып, оны қарсы алуға шықты.
– Менің үйіме кіріп, қонағым бол! – деп үйіне шақырды.
Лабанның үйінде үлкен қуаныш болды. Жақып дастарқан басында туыстарына әкесі Ысқақтың қартайып көздері көрмей қалғанын және шешесі Рабиға әлі сау және өзі ұлдардың ең кішісі және әкесінің батасын алып, мұрагері болғандығы жайлы айтып берді.
– Бұл қалай болғаны? – деп сұрады туыстары. – Сен ұлдардың кішісі емессің бе?
Сонда Жақып өзінің өтірігі жайлы бар шындықты айтып берді.
Ол сол ісі үшін қатты ұялды, бірақ туыстарына тағы да өтірік айтқысы келмеді.
– Сен істегенің дұрыс емес, – деді Лабан.
– Білемін, – деп жауап берді Жақып.
– Әрине, менің ағам маған ашулы. Сол себепті анам мені Есаудың ашуы басылғанша осында болсын саған деп жіберді.
– Әрине, сенің мұнда қалуыңа болады, маған менің шаруашылығыма көмектесесің. Біз туысқанбыз ғой. Бірақ маған айтшы, Жақып, әкең сені осы сапарға өзі жіберді ме? – деп сұрады Лабан.
– Иә, ол мені өзі жіберді! – деп жауап берді Жақып. – Мен мұнда өзіме қалындық табуым керек.
Сонда ол ұялып, Рахилаға қарап қоя берді. Бір ай уақыт өткен соң Лабан Жақыптан оның істеген еңбегі үшін қандай сыйлық қалайтынын сұрады. Ал Жақып бұны ойластырып қойған болатын.
– Сен білесің ғой Лабан аға, үйленгің келгенде қалындығың үшін қалың мал беруің керек. Ал менің Рахилаға үйленгім келеді. Мен саған жеті жыл жұмыс істеп сол менің Рахила үшін беретін қалың малым болса, сен келісесің бе? – деп сұрады Жақып.
Лабан күлімсіреп басын изеп:
– Әрине, мен қызымды басқа біреуге бергенше саған бергенім жақсы ғой, – деп жауап берді.
Міне, Жақып Лабанның үйінде жеті жыл жұмыс істеп бітірді. Сол ұзақ күткен күн жақындады. Той күні қалындықтың беті түгелдей жабық болды – бұл осындай салт еді. Тек таңертең Жақып оның түрін көре алатын. Ол сол жапқышты шешкенде шошып кетті: оның үйленген қызы Рахила емес болып шықты! Бұл оның әпкесі Лия болатын! Жақып Лабанға қарай жүгірді.
– Бұл не болғаны?! – деп айқалады Жақып. Мен жеті жыл бойы Лия үшін емес, Рахила үшін жұмыс істедім. Сен мені алдадың! – деп шағымын айтты.
– Білесің бе, Жақып, бізде кіші қызды үлкенінен бұрын тұрмысқа бермейді, – деп жауап қатты Лабан.
Жақыптың көңілі түсіп, жылай бастады. Міне, енді ол алданудың қандай болатынын сезінді. Егер Жақып тағы жеті жыл оған жұмыс істесе, Лабан Жақыпқа Рахиланы да күйеуге беретінін айтты. Сол заманда ер адамдардың бірнеше әйелі болатын, Жақып осыған келісті. Бір аптадан соң тағы да той болды. Бұл жолы ешкім ешкімді алдамады. Жақып енді өзі сүйген Рахилаға үйленді.
Тағы да жеті жыл Жақып өзінің қайын атасына жұмыс істеді. Сол уақыт біткен кезде, ол тағы да біраз уақыт сонда қалды. Бірақ енді ол біреуге емес, өз-өзіне жұмыс істеп, сиыр, қой және ешкілері көбейді. Ақыр соңында оның малдары Лабанның малдарынан да арта түсті. Сонымен қатар Жақыптың он екі баласы болды: он ұл және бір қыз. Құдай онымен бірге болып, оны жарылқап жатқанына ол Құдайға риза болды. Бірақ көп ұзамай Лабан мен оның ұлдары Жақыптың байлығына қызғанышпен қарайтын болды. Сол сәтте Құдай Жақыпқа өз отбасына, ата-бабасының жеріне қайта оралу керектігін айтты.
Талқылауға арналған сұрақтар
3 сұрақЖақып пен Рахила қалай танысты?
Лабан Жақыпты қалай алдады?
Не үшін Лабанның ұлдары Жақыпқа деген қарым-қатынастарын өзгертті?