
Томаның сенімсіздігі
Жохан жазған Ізгі хабар 20:24-
Иса шәкірттеріне келіп Өзінің жарақаттарын көрсеткенде, Оның жақын шәкірттерінің бірі Тома ол жерде болмаған еді. Келесі күні шәкірттер Томаға осы жайлы айтып бергенде, Тома басын шайқап:
– Мен сендерге сенбеймін. Алдымен Оның қолдарынан шегелердің орнын және жарақаттарын өз қолыммен ұстап көрмей, мен Оның қайта тірілгеніне сенбеймін, – деді.
Байғұс Тома! Оны «сенбеуші Тома» деп атайтын болды. Себебі ол Исаны өз көзімен көрмейінше және Оның қолдарындағы шегелердің іздеріне, бүйіріндегі найзадан қалған тыртыққа саусақтарын тигізіп көрмейінше, Исаның қайта тірілуіне сенбейтінін айтып еді. Тома сену үшін нақты дәлелдерді көргісі келді.
Бір апта өткен соң Исаның шәкірттері тағы жиналды. Иса өткендегідей кенеттен пайда болды да:
– Сендерге амандық пен тыныштық болсын! – деп олармен амандасты. Содан соң Ол Томаға қарап, қолын созды да:
– Міне, Менің қолыма саусақтарыңды тигізіп қара, алақаныңды бүйіріме қой және сенімсіз болмай, сенетін бол! – деді.
Өзінің сенімсіздігінен және сөздерінен ұялған Тома сүйіспеншілікке толып, Құтқарушының аяғына жығылып, Оған тағзым етті. Дірілдеген даусымен:
– Ием менің, Құдайым менің! – деді.
Талқылауға арналған сұрақтар
3 сұрақТоманың сенімсіздігі қалай көрінді?
Неліктен оны «сенбеуші Тома» деп атаған?
Иса Томаны жазғырды ма?