Күн мен айдың тоқтауы

Күн мен айдың тоқтауы

Нұн ұлы Ешуаның кітабы, 10 тарау

Қанахан патшалары Иерихонда не болғанын естіген кезде, олар Ешуа Нұн ұлы мен исраилдіктерге қарсы шығу үшін бірікті. Ал Гибеон тұрғындары исраилдіктермен бірге келісім жасасты. Осы жайлы біліп қойған бес патша қаланы қоршап алды.

Қала тұрғындары Ешуадан көмек сұрады, ал ол өзінің көптеген жауынгерлерімен дұшпандарға қарсы шықты. Көп кешікпей Қанахан патшаларының біріккен жауынгерлері қаша бастады. Құдай да Өзінің халқы үшін шайқасты. Дұшпандар қаша бастағанда оларға аспаннан тас бұршақ жауды. Дұшпандарды әлі толықтай жеңбей тұрып қараңғы түсе бастады. Сол кезде Ешуа:

– Күн Гибеон үстінде тоқтай тұрсын, ай да Аялон аңғары үстінде аялдай тұрсын, – деп дұға етті.

Сонда Құдай оның дұғасын естіді. Исраилдіктер өз дұшпандарын жаулап алмайынша күн тоқтап тұрды, мұндай құбылыс ешқашан қайталанбады.

Осы шайқас барысында Ешуа Нұн ұлы исраилдіктермен бірге басқа да қалаларды жаулап алды, өйткені Жаратқан Ие Өз халқына көмектесті.

Талқылауға арналған сұрақтар

3 сұрақ
  1. Қай қаланың тұрғындары исраилдіктермен келісім жасады?

  2. Гибеон тұрғындарын кім құтқарды?

  3. Қараңғы түсіп бара жатқанда Ешуа Нұн ұлы не істеді?

30. Күн мен айдың тоқтауы00:00 / 01:28