
Ата-анаға жолдау
Құрметті ата-ана!
Сіздің қолыңызда балаларға арналған кітап. Бұл кітапта сипатталған Киелі Жазбадан алынған әңгімелер Құдай Сөзімен және ежелгі уақытта орын алған оқиғалармен танысуға тамаша мүмкіндік береді.
Балалар тек қоршаған әлемді ғана емес, сонымен қатар Құдай Сөзінде жазылған рухани шындықтарды да танып-білуге өте құштар әрі ашық екені бәрімізге мәлім. Балаларыңыз болашақта бұлақтың қайнар көзі болған, әрі олардың өмірлеріне оң әсер ететін Киелі Жазбамен танысулары үшін, олар сіздермен бірге болған осы сәттерді пайдаланып, Киелі Жазбадағы әңгімелер мен оқиғаларды бірге отырып оқуға мүмкіндік жіберіп алмаңыз.
Баланы дұрыс тәрбиелеуде Киелі Жазбаны үнемі оқу мен үздіксіз сиынудың маңызы зор. Осыған арнайы уақыт бөліңіз! Балаларыңызды сүйіспеншілікпен тәрбиелей отырып, олардың бойына жастайынан мәсіхшілік құндылықтарды сіңіріңіз. Құдай бұл істе сіздің отбасыңызға тек қазір ғана емес, болашақта да көмектесетініне сенеміз.
Балаларыңыздың өмірін қазір де, ер жеткенде де өзгертуге қабілетті Киелі Жазбаны оқу арқылы олардың жастайынан шындықты танығандарын қалаймыз!
Сүйіспеншілікпен,
БИБЛИЯ МИССИЯСЫ